Все сервисы
Tender
«Бағалаушыларға, сарапшыларға кандидаттардың біліктілігін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 517 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 19 ақпандағы № 109 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бағалаушыларға, сарапшыларға кандидаттардың біліктілігін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 517 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бағалаушыларға, сарапшыларға кандидаттардың біліктілігін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Бағалаушыға, сарапшыға кандидаттардың біліктіліктерін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 23-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленген және бағалаушыларға, сарапшыларға кандидаттардың біліктілігін растау үшін біліктілік емтиханын өткізудің тәртібі мен шарттарын айқындайды.»;
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Өтініш электрондық пошта не бағалаушылардың интернет-ресурсы арқылы жіберіледі, тапсырылады (автоматтандырылған веб-портал болмаған жағдайда сканерленген көшірмесі).
5. Кандидат өтінішке мынадай құжаттарды қоса береді:
1) «Бағалау» мамандығы бойынша жоғары білімі және (немесе) жоғары техникалық немесе экономикалық білім мамандығы бойынша жоғары білім туралы диплом көшірмесін («сарапшы» біліктілік куәлігіне үміткер талап етілмейді);
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Документ не введен в действие
Демо – версия документа