Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартын бекіту туралы» 2015 жылғы 17 наурыздағы № 211 және «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 3 маусымдағы № 49 бұйрығы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 3 июня 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 5 июля 2025
Дата последнего изменениявторник, 3 июня 2025

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартын бекіту туралы» 2015 жылғы 17 наурыздағы № 211 және «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 3 маусымдағы № 49 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 211 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10479 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартында:

7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Жалға берушінің:

1) баланс ұстаушымен келісу бойынша жалға алушыға объектіні, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта жоспарлауға немесе қайта жабдықтауға жазбаша рұқсат беруге;

2)жалға алушыға объектіні қосалқы жалға беруге жазбаша рұқсат беруге;

3) жалдау ақысының уақтылы және толық аударылуын бақылауды жүзеге асыруға;

4) жалдау ақысының уақтылы енгізілмегені үшін өсімпұл есептеуге;

5) тараптардың келісуі бойынша шарттың мерзімін ұзартуға, шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге немесе оны бұзуға;

6) объектінің мақсатты пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыруға құқығы бар.

8. Жалға алушының:

1) жалдау ақысын аванспен төлеуге;

2) баланс ұстаушының жазбаша келісімімен объектіні, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта жоспарлауға немесе қайта жабдықтауға рұқсат алуға жалға берушіге өтініш жасауға;

3) объектіні қосалқы жалға беруге рұқсат алу үшін жалға берушіге өтініш жасауға;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами