Введите номер документа
Прайс-лист

«Машина жасау» салааралық ғылыми-технологиялық орталығын және Машина жасауды болжау жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қаңтардағы № 2 қаулысы (2009.19.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 9 января 1998
Статус
Утратил силу
утратил силу с 23 октября 2012

«Машина жасау» салааралық ғылыми-технологиялық орталығын және Машина жасауды болжау жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 9 қаңтардағы № 2 қаулысы

(2009.19.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 15 қазандағы № 1313 Қаулысымен күші жойылды

 

Машина жасау кешенiн дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзiрлеу және оны iске асыруды ғылыми-техникалық жағынан қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

ҚР Үкіметінiң 1998.20.05. № 457 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының, Қорғаныс министрлігінiң және Энергетика, индустрия және сауда министрлігінiң Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі - Ғылым академиясына ведомстволық бағыныстағы «Машина жасау» салааралық ғылыми-технологиялық орталығын «(СFTO)» құру туралы ұсынысы қабылдансын. «Машина жасау» салааралық ғылыми-технологиялық орталығының (CFTO) мекен-жайы Алматы қаласы болып белгiленсiн.

2. Қарағанды ұлттық техникалық университетiнiң жанындағы машина жасау кешенiн болжау жөніндегі арнайы ғылыми бөлiмшенiң негiзiнде Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясына ведомстволық бағынысты «Машина жасауды болжау жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығы» мемлекеттік мекемесi құрылсын.

3. ҚР Үкіметінің 2009.19.09. № 1411 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

ҚР Үкіметінiң 1998.20.05. № 457 қаулысымен 4-тармақ өзгертiлдi

4. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы, Қаржы министрлігі, Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, Қорғаныс министрлігінiң Қорғаныс өнеркәсiбi жөніндегі комитетi:

бiр ай мерзiм iшiнде «Машина жасау» салааралық ғылыми-зерттеу орталығының құрамына кейбір бейiндiк ғылыми-зертеу және тәжiрибе конструкторлық ұйымдарды енгізу жөнiнде ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзетiн болсын;

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттiгiмен бiрлесе отырып 1998 жылдың наурызында Қазақстан Республикасының машина жасау кешенiн дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына енгiзсiн.

5. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы бiр ай мерзiмде:

құрылған мемлекеттік мекемелер туралы ережелердi бекiтсiн және белгiленген тәртiппен олардың әдiлет органдарында тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

«Машина жасаудың және тиiмдiлiгi жоғары машиналар мен аспаптар жасаудың ғылыми-техникалық проблемалары» нысаналы бағдарламасының кең ауқымды нұсқасын оның негiзгi тапсырмаларымен және көрсеткiштерiмен бекiтсiн.

6. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы мен Әдiлет министрлігі бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бұрын қабылданған актілерін осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами