Введите номер документа
Прайс-лист

«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы директорларының кеңесі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 тамыздағы № 1175 қаулысы (2006.15.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 17 августа 1999
Статус
Утратил силу
утратил силу с 30 апреля 2008

«Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы директорларының кеңесі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 тамыздағы № 1175 қаулысы

(2006.15.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2008.23.04. № 381 Қаулысымен күші жойылды

 

ҚР Үкіметінің 21.05.04 ж. № 570 қаулысымен тақырыбы және мәтіндегі сөздер өзгертілді (бұр. ред. қара)

 

«Акционерлік қоғамдар туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегi Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 07.05.03 ж. № 432 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Жекешелендiру және мемлекеттік мүлiк комитетi заңдарда белгiленген тәртiппен «Шағын кәсiпкерлiкті дамыту қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрi - Қор) акцияларының пакеттерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі кұқықтарын Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне берсiн.

ҚР Үкіметінің 07.05.03 ж. № 432 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)

2. ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 873 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)

3. Директорлар кеңесi бiр апта мерзiмде Қорға несие беру туралы шешiмдердi қарау мен қабылдау тәртібін айқындасын.

ҚР Үкіметінің 07.05.03 ж. № 432 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұрынғы ред. қара)

4. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн.

1) «Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 26 сәуірдегі № 665 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1997ж. № 17, 152-құжат):

6-тармақтағы «Байқаушы кеңесi» деген сөздер «Директорлар кеңесi» деген сөздермен ауыстырылсын;

9-тармақтағы «Байқаушы кеңесi» деген сөздер «Директорлар кеңесi» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:

1 және 2-тармақтардағы «министрлiктерге» деген сөзден кейiн «және өзге де мемлекеттік органдарға» деген сөздермен толықтырылсын;

көрсетiлген қаулыға қосымшада:

тақырыбы «өзге де мемлекеттік органдар» деген сөздермен толықтырылсын;

215-реттiк нөмiрлi жол алынып тасталсын;

5. «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» жабық акционерлік қоғамы Байқаушы кеңесінің құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 қаңтардағы № 44 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 3, 17-құжат) күші жойылды деп танылсын.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

Н. Балғымбаев

ҚР Үкіметінің 17.08.02 ж. № 914 қаулысымен қосымша жаңа редакцияда

ҚР Үкіметінің 07.05.03 ж. № 432 қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 29.11.03 ж. № 1217 (бұр. ред. қара); 21.05.04 ж. № 570 (бұр. ред. қара); 26.07.04 ж. № 791 (бұр. ред. қара); 2005.19.03  № 250 (бұр. ред. қара); 2005.29.09. № 967 (бұр.ред.қара); 2005.20.10. № 1050 (бұр.ред.қара); 2005.01.11. № 1090 (бұр.ред.қара) қаулыларымен қосымша өзгертілді

ҚР Үкіметінің 2006.15.09. № 873 қаулысымен қосымша күшін жойды (бұр. ред. қара)

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами