Введите номер документа
Прайс-лист

Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның құрамы туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 сәуірдегі № 578 Қаулысы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 14 апреля 2000
Статус
Утратил силу

Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14
сәуірдегі № 578 Қаулысы

ҚР Үкіметінің 2003 ж. 11 маусымдағы № 554 қаулысымен осы қаулының күші жойылды




     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның құрамы бекітілсін.

2. "Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 маусымдағы № 685 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 26, 215-құжат мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) 2-тармақтағы "Қоса беріліп отырған" деген сөздер өзгеріссіз қалдырылсын;

2) көрсетілген қаулымен бекітілген, Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссия туралы ережедегі:

5-тармақтың жетінші абзацындағы "Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтау комитеті" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі" деген сөздермен ауыстырылсын;

9-тармақтағы "комитетінің" деген сөз "агенттігінің" деген сөзбен ауыстырылсын;

3. "Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 сәуірдегі № 389 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 13, 107-құжат) 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
 
                                    Қазақстан Республикасы Үкіметінің
                                        2000 жылғы 14 сәуірдегі
                                      № 578 қаулысымен бекітілген
 
     Эпидемияға қарсы республикалық төтенше комиссияның
                       құрамы
 
     Құлмаханов             - Қазақстан Республикасы Төтенше
     Шалбай Құлмаханұлы       жағдайлар жөніндегі агенттігінің
                              төрағасы, төраға
 
     Бижанов                - Қазақстан Республикасы Төтенше
     Нұрахмет Құсайынұлы      жағдайлар жөніндегі агенттігі
                              төрағасының бірінші орынбасары,
                              төрағаның орынбасары
 
     Омарова                - Қазақстан Республикасы Денсаулық
     Мәриям Нұрғалиқызы       сақтау ісі жөніндегі агенттігінің
                              төрайымы, төрағаның орынбасары
 
     Асқаров                - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
     Альберт Мұхтарұлы        ісі жөніндегі агенттігінің Мемлекеттік
                              санитарлық-эпидемиологиялық қызметі
                              бастығының орынбасары, хатшы
 
             Комиссия мүшелері:
 
     Алтынбеков             - Қазақстан Республикасы Төтенше
     Сейілбек Алтынбекұлы     жағдайлар жөніндегі агенттігінің
                              Азаматтық қорғаныс және әскери
                              бөлімдер департаментінің директоры
 
     Атшабар                - Қазақ чумаға қарсы ғылыми-зерттеу
     Бахыт Бақиұлы            институтының директоры
 
     Әбіқаев                - Қазақстан Республикасының Сыртқы
     Нұртай Әбіқайұлы         істер бірінші вице-министрі
 
     Бычкова                - Қазақстан Республикасы Әділет
     Светлана Федоровна       министрлігінің Соттық сараптама
                              орталығының директоры
 
     Дүрімбетов             - Қазақстан Республикасының
     Еркін Ермекұлы           Мемлекеттік бас дәрігері, Қазақстан
                              Республикасы Денсаулық сақтау ісі
                              жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары
 
     Жұмабеков              - Қазақстан Республикасы Бас
     Оңалсын Исламұлы         Прокурорының бірінші орынбасары
                              (келісім бойынша)
 
     Кравчук                - Қазақстан Республикасы Төтенше
     Александр Васильевич     жағдайлар жөніндегі агенттігінің
                              Төтенше жағдайлардың алдын алу
                              департаментінің директоры
 
     Мырзахметов            - Қазақстан Республикасының Ауыл
     Асқар Исабекұлы          шаруашылығы вице-министрі
 
     Нүкенов                - Қазақстан Республикасының
     Маратқали Ордабайұлы     Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден
                              комитетінің төрағасы
 
     Нұрбеков               - Қазақстан Республикасы Ұлттық
     Қосбасар Болатбекұлы     қауіпсіздік комитеті төрағасының
                              бірінші орынбасары
                              (келісім бойынша)
 
     Отто                   - Қазақстан Республикасының Ішкі
     Иван Иванович            істер вице-министрі
 
     Петров                 - Қазақстан Республикасы Төтенше
     Валерий Викторович       жағдайлар жөніндегі агенттігі
                              төрағасының орынбасары
 
     Сыпатаев               - Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық
     Майдан Бегімбекұлы       станциясының бас дәрігері
 
     Тұрсынқұлов            - Қазақстан Республикасы ауыл
     Шахайдар Жорабекұлы      шаруашылығы министрлігінің
                              Ветеринарлық қадағалау
                              департаментінің директоры
 
     Цой                    - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
     Валерий Николаевич       министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық
                              орталығының бастығы
 
     Чакликов               - СПИД-тен сақтандыру және қарсы күрес
     Тұрар Ескендірұлы        жөніндегі республикалық
                              орталығының бас директоры
 
 
 
 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами