Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 26 маусымдағы № 942 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 сәуірдегі № 350 Қаулысы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 11 апреля 2003
Статус
Утратил силу
утратил силу с 2 сентября 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 26 маусымдағы № 942 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 11 сәуірдегі № 350 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Жекешелендiру объектілерін сатудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 26 маусымдағы № 942 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 27, 317-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

көрсетiлген қаулымен бекітілген Жекешелендiру объектілерін сатудың ережесінде:

кiрiспесiнде «аукциондар мен тендерлерде» деген сөздер «аукцион, тендер және екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурс нысанындағы сауда-саттықта» деген сөздермен ауыстырылсын;

1-тармақта:

мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

«2-1) «Қаржы кеңесшiсi» - жекешелендiру объектілерін сату алдындағы дайындық пен оларды сату жөнiнде консультациялық қызметтер көрсету үшiн екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурсты өткізу кезiнде Сатушы тартатын тұлға;";

3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«3) «Жекешелендiру объектiсi» - мүлiктiк кешен ретiндегi мемлекеттік кәсiпорын немесе мемлекеттік мекеме; жекешелендiрiлуi тұйықталған технологиялық циклдi бұзбайтын мүлiктiк кешен ретiндегi кәсiпорынның өндiрiстiк және өндiрiстiк емес бөлiмшелерi мен құрылымдық бірлiктерi; кәсiпорынның мүлкi; акциялар; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң жарғылық капиталындағы үлестер; Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлеген тәртіппен мемлекеттік мекемелерге бекітілген өзге де мемлекеттік мүлiк.»;

4) тармақшада «немесе тендерге» деген сөздер», тендерге немесе eкі кезеңдi рәсім арқылы конкурсқа» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) тармақшада «объектілерін сату нысаны» деген сөздер «түрi» деген сөзбен ауыстырылсын;

6) және 10) тармақшаларда «түрi» деген сөз «нысаны» деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:

«13-1) «Екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурс» - кезең-кезеңдi келiссөздер жүргiзу арқылы қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен Сатушы конкурс жеңiмпазын анықтайтын сауда-саттық нысаны;";

19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«19) «Жеңiмпаз» - жекешелендiру объектiсi үшiн неғұрлым жоғары баға ұсынған аукционға қатысушы; тендерлiк комиссияның қорытындысы бойынша ең жақсы шартты ұсынған тендерге қатысушы; ең жақсы шартты ұсынған екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурстың екiншi кезеңiне қатысушы;";

8-тармақтың 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-1) осы Ереженiң 1-тармағы 11) және 13-1) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, әрбір жекешелендiру объектiсi бойынша сауда-саттық нысанын анықтау;";

10-тармақтың 1) тармақшасы алынып тасталсын;

15-тармақтың 3) тармақшасында «әрбір жекешелендiру объектiсiнiң сатылу түрi» деген сөздер «осы Ереженiң 1-тармағы 11) және 13-1) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, әрбір жекешелендiру объектiсiнiң сатылу нысандары» деген сөздермен ауыстырылсын;

21-тармақта «республикалық ресми баспасөзде» деген сөздер «ресми басылымдарда» деген сөздермен ауыстырылсын;

22-тармақтың 2) тармақшасында «түрi» деген сөз «нысаны» деген сөзбен ауыстырылсын;

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Сауда-саттыққа қатысушыларды тiркеу ақпараттық хабарламалар жарияланған күнiнен бастап жүргiзiледi және аукционның басталуына бір сағат және тендердiң және/немесе екi кезеңдi рәсім арқылы конкурстың басталуына жиырма төрт сағат қалғанда аяқталады.»;

40-тармақтың 4) тармақшасында «түрiн және» деген сөздер алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы 5-1-бөлiммен және 54-1, 54-2, 54-3, 54-4, 54-5-тармақтармен толықтырылсын:

«5-1. Екi кезеңді рәсiм арқылы конкурс

54-1. Екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурс жекешелендiру бағасының басымдығын және/немесе өзге де шарттарын айқындайтын Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен өткізіледi.

54-2. Екі кезеңдi рәсiм арқылы конкурс мынадай іс-шаралар жоспарын қамтиды:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен қаржы кеңесшiсiн тарту;

2) жекешелендiру объектiн жан-жақты талдау, оның құнын бағалау және ықтимал сатып алушылар (инвесторлар) үшiн жекешелендiру объектісі туралы ақпараттық дерекқорды қалыптастыру;

3) Сатушының жекешелендiру объектiсiн сату туралы хабарламаны ресми басылымдарда мемлекеттік және орыс тiлдерiнде жариялауы, сондай-ақ қаржы кеңесшiсiнiң ықтимал сатып aлушыларға (инвесторларға) сату туралы ұсыныстар жiберуi;

4) қаржы кеңесшiсiнiң ықтимал сатып алушылардың (инвесторлардың) ұсыныстарын қамтитын өтiнiмдер тiзбесiн қалыптастыруы;

5) Сатушының қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен келiссөздер барысында ең жақсы ұсыныстар (конкурстың бірiншi кезеңi) ұсынған кемiнде екi ықтимал сатып алушыны (инвесторды) анықтау мақсатында өтiнiмдер тiзбесi бойынша ықтимал сатып алушылармен (инвесторлармен) келiссөздер жүргiзуi;

6) Сатушының қаржы кеңесшiсiнiң қатысуымен бұрын ұсынылған шарттарды жақсарту мәнiне бірiншi кезеңнiң жеңiмпаздарымен келiссөздер жүргiзуi (екiншi кезең).

54-3. Сатушы, қаржы кеңесшiсi және екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурстың барлық қатысушылары келiссөздiң әрбір кезеңiнiң өткiзiлу қорытындылары бойынша оның нәтижелерi туралы хаттамаға қол қояды.

54-4. Екi кезеңді рәсiм арқылы конкурстың екiншi кезеңi барысында ең жақсы шарттарды ұсынған ықтимал сатып алушы (инвестор) екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурстың жеңiмпазы болып танылады.

54-5. Екi кезеңдi рәсiм арқылы конкурстың Жеңiмпазы сатып алу-сату шартына Сатушы белгiлеген мерзiмде қол қоюдан бас тартқан немесе жалтарған жағдайда, сатып алу-сату шартына ұсынысы Жеңiмпаздың ұсынысынан кейiн ең жақсы деп танылған ықтимал сатып алушы (инвестор) қолын қояды.».

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

И. Тасмағамбетов

 

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами