Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 10 сәуірдегі № 410 және 2003 жылғы 20 наурыздағы № 281 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 9 ақпандағы № 152 қаулысы (2007.20.03. берілген өзгерістерімен ) (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапонедельник, 9 февраля 2004
Статус
Утратил силу
утратил силу с 14 мая 2013

Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 10 сәуірдегі № 410 және 2003 жылғы 20 наурыздағы № 281 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 ж. 9 ақпандағы № 152 қаулысы

(2007.20.03. берілген өзгерістерімен )

 

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 412 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1) «Республикалық бюджетте 041 «Шетелдiк іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 10 сәуірдегі № 410 қаулысында:

тақырыбындағы және 1-тармақтағы «041» деген сандар алынып тасталсын;

көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық бюджетте 041 «Шетелдiк iссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесiнде:

тақырыбындағы және 1, 2, 4-тармақтардағы «041» деген сандар алынып тасталсын;

3, 10-тармақтарда:

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының» деген сөздермен ауыстырылсын;

«039 «Мемлекеттік шекараны межелеу» және 040 «Мемлекеттік шекараға қада қағу» бағдарламалары бойынша» деген сөздер «тиiстi бюджеттік бағдарламалар бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

«9-1. Iссапар шығыстарына арналған қаражатты бөлу туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шешiмi жоспарланып отырған iс-шара басталғанға дейiн қабылданады.

Объективтi себептерге орай, осы Ереженiң 9-тармағында көзделген Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шешiмiн жоспарланып отырған iс-шара басталғанға дейiн қабылдау мүмкiн болмаған ерекше жағдайларда, белгiленген тәртiппен iссапар шығыстарын өтеу туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң шешiмi қабылдануы мүмкін.»;

мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

«10-1. Iссапар шығыстарына арналған қаражатты бөлу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешімi жоспарланып отырған iс-шара басталғанға дейiн қабылданады.

Объективтi себептерге орай, осы Ереженің 10-тармағында көзделген Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің шешiмдерiн жоспарланып отырған iс-шара басталғанға дейін дейін қабылдау мүмкiн болмаған ерекше жағдайларда, белгіленген тәртіппен iссапар шығыстарын өтеу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешiмi қабылдануы мүмкiн.»;

2) ҚР Үкіметінің 2007 ж. 20 наурыздағы № 225 Қаулысымен күші жойылды   (бұр. ред. қара )

2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Д. Ахметов
























































































































































 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами