Все сервисы
Enbek
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2013 жылғы 22 шілдедегі
№ 331-ө-м бұйрығына
2-қосымша
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021.16.03. № 78 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2024.30.05. № 170 бұйрығымен (2024 ж. 15 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) қағида жаңа редакцияда
Қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету
қағидалары
(2026.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2026.28.04. № 156 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бейімдеу және ықпалдастыру қызметтері - қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне қоғамға бейімдеу және ықпалдастыру мақсатында көрсетілетін қызметтер (ақпараттық, заңдық, әлеуметтік, медициналық және білім беру) кешені;
2) бейнеконференц-байланыс - өзара қашық бірнеше абоненттің нақты уақыт режимінде аудио және бейнеақпарат алмасу мүмкіндігі беріліп, интерактивтік өзара іс-қимыл жасауы үшін цифрлық технологиялар пайдаланылатын көрсетілетін байланыс қызметі;
3) еңбек мобильділігі орталығы - жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын әзірлеу және іске асыру мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;
4) қандас - бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;

Добавить в список основных источников в Google