Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 6 сәуірдегі № 71-VIII Заңы

Информация о документе
Датасуббота, 6 апреля 2024
Статус
Действующийвведен в действие с 1 января 2023
Дата последнего изменениясуббота, 6 апреля 2024

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 68-ө Өкімін қараңыз

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:

1) 33-баптың 1-тармағы алтыншы бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) кепілге беру кезінде, сондай-ақ кепіл беруші (борышкер) өз міндеттемелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәсілдермен орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда кепіл нысанасын өткізген кезде немесе ол кепіл ұстаушы - екінші деңгейдегі банкке өткен кезде, оның ішінде кепіл беруші кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындау мақсатында кепіл нысанасын өткізген кезде, кепіл ұстаушы - екінші деңгейдегі банк өзіне өткен кепіл нысанасын өз талаптарын қанағаттандыру есебіне кейіннен өткізген кезде, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен банкроттық немесе оңалту рәсімдерін жүргізу барысында кредиторға, оның ішінде кепілді кредиторға оның талаптарын қанағаттандыру немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын іске асыру есебіне, сондай-ақ шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде, акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге немесе өндірістік кооперативке жарна ретінде беру кезінде;»;

2) 44-баптың 8-тармағының бірінші бөлігі «жерлерін» деген сөзден кейін «балық өсіру шаруашылықтарын орналастыруға және оларға қызмет көрсетуге арналған жерлерді» деген сөздермен толықтырылсын;

3) 48-баптың 1-тармағында:

мынадай мазмұндағы 5-3) тармақшамен толықтырылсын:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом