Все сервисы
Enbek
Мотор майларын таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 19 қаңтардағы № 29-н/қ бұйрығы
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Энергетика министрінің 2026 жылғы 10 шілдедегі № 262-н/қ бұйрығын қараңыз (2026 ж. 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі)
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мотор майларын таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшері қосылған құн салығынсыз бірлік үшін 4,7 теңге мөлшерінде айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ-химия және техникалық реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

Добавить в список основных источников в Google