Все сервисы
Enbek
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2020 жылғы 8 шілдедегі
№ 195 Бұйрығына
2 қосымша
«Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру»
Мемлекеттік қызметті көрсету қағидалар
(2026.24.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022.22.12. № 383 бұйрығымен (2023 ж. 27 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2026.30.04. № 79 бұйрығымен (2026 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Осы «Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру» көрсетілетін қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Ойын автоматтары залы қызметімен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін айқындайды.
ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2023.26.12. № 342 бұйрығымен (2024 ж. 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Туризм және спорт министрінің м.а. 2026.30.04. № 79 бұйрығымен (2026 ж. 24 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2022.22.12. № 383 бұйрығымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 27 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алу үшін «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес біліктілік талаптары қойылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі