Все сервисы
Enbek
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 наурыздағы № 99 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-2-бабының 9-1) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй көмегін беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Тұрғын үй көмегін көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-2-бабының 9-1) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібін айқындайды.»;
3-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«ағымдағы және жинақтау жарналарын;»;
4-1-тармақтын 8)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) ағымдағы жарналар бір шаршы метр үшін жүз теңгеден аспайды;
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-1-бабының 3-тармағына сәйкес жинақтау жарналары;»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін Көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш жібереді.
Демо – версия документа