Все сервисы
Zanger
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары
құралымдарының мәртебесі туралы
келісім
(Мәскеу қ., 2010 жылғы 10 желтоқсанда)
ҚР 2012 жылғы 15 наурыздағы № 1-V Заңымен ратификацияланды
2012 жылғы 11 мамырда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер,
БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына, халықаралық құқықтың жалпыға ортақ қағидаттары мен нормаларына, сондай-ақ қару-жарақты бақылау және әскери саладағы сенімді нығайту мәселелері жөніндегі халықаралық шарттарға өздерінің адалдығын растай отырып,
1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартты негізге ала отырып,
өзара сенім, теңдік және өзара тиімді ынтымақтастық негізінде Тараптардың мүдделеріне жауап беретін серіктестік пен өзара іс-қимылдың халықаралық қарым-қатынастарын одан әрі дамытуға ұмтыла отырып,
халықаралық қауіпсіздікке қыр көрсетулер мен қауіп-қатерлерге барабар ден қоюды қамтамасыз ететін ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құралымдарының жоғары жауынгерлік әзірлік деңгейін қолдауға күш-жігерді бағыттай отырып,
БҰҰ Жарғысының 51-бабына сәйкес Тараптардың жеке немесе ұжымдық өзін-өзі қорғау құқығына сілтеме жасай отырып,
ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдары құралымдарының Тараптардың аумақтарында уақытша болуы үшін құқықтық негіз құруға ниет білдіре отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімнің мақсаттары үшін қолданылатын терминдер мыналарды білдіреді:

Добавить в список основных источников в Google