Все сервисы
Zanger
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 369 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 17/қе бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 369 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 84981 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Департаменттің құрылымын және штат санының лимитін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ҰҚК Төрағасы бекітеді.
Департамент оның құрылымын құрайтын басқармалардан, бөлімдерден, бөлімшелерден, топтардан тұрады. Оның құрамына мынадай оқшауланған құрылымдық бөлімшелер кіреді:
1) Қарасай аудандық басқармасы. Қызмет көрсету аймағы – Алматы облысының Қарасай ауданы;
2) Еңбекшіқазақ аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы;
3) Еңбекшіқазақ аудандық бөлімінің Шелек бөлімшесі. Қызмет көрсету аймағы – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының Шелек, Кескенсу, Қаратұрық, Қаражота, Қорам, Бартоғай, Нұра, Аса, Масақ, Малыбай және Қазақстан ауылдық округтері;
4) Жамбыл аудандық бөлімі. Қызмет көрсету аймағы – Алматы облысының Жамбыл ауданы;
Демо – версия документа