Все сервисы
Zanger
«Ішкі істер органдары қабылдау-бөлу орнындағы ішкі тәртіп қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 10 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 9 ақпандағы № 82 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ішкі істер органдары қабылдау-бөлу орнындағы ішкі тәртіп қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2012 жылғы 9 қаңтардағы № 10 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7417 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдары қабылдау-бөлу орнындағы ішкі тәртіп қағидаларында:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Егер ұсталғандармен бірге балалары болса, олар соттың шешімімен жеке камераға бірге орналастырылуы және Заңның 46-4-бабына сәйкес тамақпен қамтамасыз етіледі.».
Демо – версия документа