Все сервисы
Zanger
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 15 маусымындағы № 78 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 23 сәуірдегі № 23 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 30 маусымдағы № 77 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20909 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 15 маусымындағы № 78 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 80) тармақшасына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқаратын шетелдік ұйымдарға қойылатын талаптарды қоса алғанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару үшін қажетті іс-қимылдар жасау өздеріне тапсырылған кезде, оларды таңдау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Добавить в список основных источников в Google