Все сервисы
Zanger
Атырау облысы бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың және әкімдер аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы
Атырау облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 241 Қаулысы
Атырау облысы әкімдігінің 2026 жылғы 26 ақпандағы № 24 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Атырау облысы бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың және әкімдер аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары бекітілсін.
2. Атырау облысы бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың және әкімдер аппараттары осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б.Ә. Исақовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Атырау облысының әкімі | М. Досмухамбетов |
2020 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 241 қаулысына қосымша
Атырау облысы бойынша жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың және әкімдер аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану
қағидалары
Документ утратил силу
Демо – версия документа