Все сервисы
Zanger
«Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 216 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 59 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1022 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 801 бірлескен бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12656 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында (бұдан әрі - Өлшемшарттар):
10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Сонымен қатар объективті өлшемшарттар бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Шетелдік жұмыс күші» автоматтандырылған цифрлық жүйесінің есептілік деректеріне сәйкес 30-дан астам шетелдік жұмыс күшін тартатын бақылау субъектілері тәуекелдердің жоғары деңгейіне жатады.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
1) бақылау субъектісінің кінәсінен туындаған қолайсыз оқиғалардың болуы.
Қолайсыз оқиғаларға мыналар: еңбек қызметіне байланысты ауыр, топтық немесе өліммен аяқталатын жазатайым оқиғалар жатады;

Добавить в список основных источников в Google