Все сервисы
Zanger
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1230 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 837 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 6 наурыздағы № 138 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 7 наурыздағы № 30 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1230 және Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 837 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12793 болып тіркелген) бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын, тексеру парақтарын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы бақылау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілеріне қатысты энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы тексеру парағы;
3) осы бірлескен бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес энергия аудиторлық ұйымдарға қатысты энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы тексеру парағы;

Добавить в список основных источников в Google