Введите номер документа
Прайс-лист

«Шортанды ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» және «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің лауазымдық айлық ақыларына ынталандырушы үстемақылар белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы» Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 17 қарашадағы № А-3/236 Қаулысы (2026.16.02. берілген өзгерістермен)

Информация о документе
Датапонедельник, 17 ноября 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 29 декабря 2025
Дата последнего измененияпонедельник, 16 февраля 2026

Шортанды ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» және «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелері қызметкерлерінің лауазымдық айлық ақыларына ынталандырушы үстемақылар белгілеу тәртібі мен шарттарын айқындау туралы
Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 17 қарашадағы № А-3/236 Қаулысы

(2026.16.02. берілген өзгерістермен)

 

Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2026.29.01. № А-1/30 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 16 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысының 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеудің тәртібі мен шарттары айқындалсын.

Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2026.29.01. № А-1/30 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 16 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Шортанды ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» және «Тілдерді оқыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлеріне (оның ішінде А1/3, А2/3, А3/3, В2/1, В2/4, В3/4, С2, С3 санаттарындағы қызметкерлерге) лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемақылар белгіленсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің орынбасары Ш.Х. Ахметоваға жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шортанды ауданы әкімі

С. Шабаров

 

Шортанды ауданы әкімдігінің

2025 жылғы 17 қарашадағы

№ А-3/236 қаулысына

қосымша

 

 

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами