Все сервисы
Zanger
«Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2024 жылғы 16 шiлдедегi № 115-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 29 шілдедегі № 187-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2024 жылғы 16 шiлдедегi № 115-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құзыреті шегінде су қорын қорғау және пайдалану саласындағы стратегиялық, реттеушілік, іске асыру, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.»;
14-тармақтың 1) тармақшасында «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының қолжетімділігін қамтамасыз ету» деген сөздер «мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету» деген сөздермен ауыстырылсын;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Функциялары:
1) өз құзыреті шегінде стратегиялық, реттеушілік, іске асыру, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады;
2) реттелетін салада мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
3) бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және талаптарға сәйкестігін тексерулерді жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын әзірлейді;

Добавить в список основных источников в Google