Все сервисы
Zanger
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, прокуратура органының тиісті талабы немесе сұрау салуы, сотқа дейінгі басталған тергеп-тексеру шеңберінде шығарылған қаулы, сондай-ақ соттың ұйғарымы бойынша тексеруге қатысу және қорытынды беру үшін кезектілік пен өңірлік ұсынылу қағидаттарын сақтай отырып, аудиторлық ұйымдарды (аудиторларды), аудиторлық ұйымдардың (аудиторлардың) тізбесінен аудиторлық ұйымды (аудиторды) айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 1143 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 23 ақпандағы № 103 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, прокуратура органының тиісті талабы немесе сұрау салуы, сотқа дейінгі басталған тергеп-тексеру шеңберінде шығарылған қаулы, сондай-ақ соттың ұйғарымы бойынша тексеруге қатысу және қорытынды беру үшін кезектілік пен өңірлік ұсынылу қағидаттарын сақтай отырып, аудиторлық ұйымдарды (аудиторларды), аудиторлық ұйымдардың (аудиторлардың) тізбесінен аудиторлық ұйымды (аудиторды) айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 1143 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 1143 бұйрығының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, прокуратура, қылмыстық қудалау органының тиісті талабы немесе сұрау салуы, сотқа дейінгі басталған тергеп-тексеру шеңберінде шығарылған қаулы, сондай-ақ соттың ұйғарымы бойынша тексеруге қатысу және қорытынды беру үшін кезектілік пен өңірлік ұсынылу қағидаттарын сақтай отырып, аудиторлық ұйымдардың (аудиторлардың) тізбесін, сондай-ақ аудиторлық ұйымдардың (аудиторлардың) тізбесінен аудиторлық ұйымды (аудиторды) айқындау туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Добавить в список основных источников в Google