Все сервисы
Zanger
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 30 маусымдағы № 85 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 261 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7996 болып тіркелген, 2012 жылғы 6 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 802-806 (27877) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметшілерін лауазымға тағайындау және олармен еңбек шартын тоқтату қағидаларында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Агенттіктер - Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі («Қазақстан Республикасының қаржы нарығын мемлекеттік реттеу жүйесін әрі қарай жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 25 Жарлығымен таратылды), Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі («Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығымен құрылды);»;
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

Добавить в список основных источников в Google