Все сервисы
Zanger
«Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты өзгерту туралы қосымша келісім жасасу» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 30 қарашадағы № 98 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 216 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты өзгерту туралы қосымша келісім жасасу» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 30 қарашадағы № 98 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 желтоқсанда № 33716 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 278-бабының 12, 13, 14, 16-тармақтарына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
«Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты өзгерту туралы қосымша келісім жасасу» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы «Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша келісім жасасу» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 278-бабының 12, 13, 14, 16-тармақтарына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға (бұдан әрі - көрсетілетін мемлекеттік қызмет) қосымша Келісім жасасу кезінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды. Осы Қағидалар Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қолданылады.»;

Добавить в список основных источников в Google