Все сервисы
Zanger
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы
1-бап. 2025 жылғы 18 шілдедегі Қазақстан Республикасының Салық кодексіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) бүкіл мәтін бойынша «шетелдік, қандас», «шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам», «шетелдіктер», «шетелдіктің», «шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамның», «шетелдікке», «шетелдіктерден», «шетелдік пен азаматтығы жоқ адам», «шетелдік жеке тұлғаның», «шетелдікті», «шетелдіктердің», «шетелдіктерге», «шетелдік адам», «шетелдікпен» деген сөздер тиісінше «шетел азаматы, қандас», «шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам», «шетел азаматтары», «шетел азаматының», «шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның», «шетел азаматына», «шетел азаматтарынан», «шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адам», «жеке тұлға шетел азаматының», «шетел азаматын», «шетел азаматтарының», «шетел азаматтарына», «шетел азаматы», «шетел азаматымен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
3) бүкіл мәтін бойынша «облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана», «Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана», «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың», «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың», «облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың», «облыс, республикалық маңызы бар қала және астана» деген сөздер тиісінше «астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың», «астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар», «Астана, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар», «астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың», «Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың», «астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың», «астана, облыс, республикалық маңызы бар қала» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) бүкіл мәтін бойынша «республикалық маңызы бар қалалар, астана», «республикалық маңызы бар қала және астана», «республикалық маңызы бар қалада және астанада», «республикалық маңызы бар қаланың, астананың», «Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздер тиісінше «астана, республикалық маңызы бар қалалар», «астана және республикалық маңызы бар қала», «астанада және республикалық маңызы бар қалада», «астананың, республикалық маңызы бар қаланың», «Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 23-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі «басқа заңнамалық актілеріне» деген сөздер «басқа да заңдарына» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 55-баптың 2-тармағы 17) тармақшасының оныншы абзацындағы «Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 56-баптың 9-тармағы бесінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «Парламенті» деген сөз «Құрылтайы» деген сөзбен ауыстырылсын;
8) 332-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы үшінші бөлігінің бірінші абзацындағы «заңнамалық актілерінде» деген сөздер «заңдарында» деген сөзбен ауыстырылсын;
9) 335-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің бірінші абзацындағы «заңнамалық актілерінде» деген сөздер «заңдарында» деген сөзбен ауыстырылсын;
10) 370-баптың 11) тармақшасының бірінші абзацындағы «Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
11) 664-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына берілетін азаматтардың жолданымдарынан,» деген сөздер алып тасталсын;
12) 665-бапта:
тақырыптағы «Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотындағы және соттардағы» деген сөздер «Соттардағы» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ алып тасталсын;
13) 668-бапта:
тақырыптағы «Қазақстан Республикасының Конституциялық сотында және соттарда» деген сөздер «Соттарда» деген сөзбен ауыстырылсын;
бірінші бөліктің 9) тармақшасындағы «республикалық референдумға» деген сөздер «жалпыхалықтық референдумға» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік алып тасталсын;
14) 670-баптың 1) тармақшасының бесінші абзацындағы және 2) тармақшасының үшінші абзацындағы «Қазақстан Республикасы Парламентінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Құрылтайының, Қазақстан Халық Кеңесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
15) 672-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацы алып тасталсын;
16) 677-бапта:
4) тармақшаның үшінші абзацындағы «Парламентінің» деген сөз «Құрылтайының» деген сөзбен ауыстырылсын;
5) тармақшаның төртінші абзацындағы және 6) тармақшаның төртінші абзацындағы «Қазақстан Республикасы Парламентінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Құрылтайының, Қазақстан Халық Кеңесінің» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2026 жылғы 11 маусым
№ 308-VIII ҚРЗ

Добавить в список основных источников в Google