Все сервисы
Zanger
«Тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік кірістер органына ұсынатын мәліметтер нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 632 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2026 жылғы 2 қыркүйектегі № 599 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік кірістер органына ұсынатын мәліметтер нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 632 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілiмінде № 37243 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген тауарлардың электрондық саудасы кезінде тауарларды жөнелтуді, тасымалдауды, жеткізуді жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік кірістер органына ұсынатын мәліметтер нысанына орыс тіліндегі мәтінде өзгерістер енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

Добавить в список основных источников в Google