Все сервисы
Zanger
«Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөліністердің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 17 наурыздағы № 193 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 468 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөліністердің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2026 жылғы 17 наурыздағы № 193 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының азаматтық және қызметтік қару айналымы саласындағы бақылау жөніндегі бөліністердің қызметін ұйымдастыру туралы нұсқаулықта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. ІІО-да тіркелген азаматтық, қызметтік және марапаттық қару, сондай-ақ азаматтық пиротехниканың айналымын бақылаудың бірыңғай жүйесін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ІІМ) Әкімшілік полиция комитетінің (бұдан әрі - ӘПК), астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Көліктегі полиция департаменттерінің (бұдан әрі - (К)ПД, қалалардың, аудандардың, қалалардағы аудандардың, көліктегі полиция органдары аумақтық полиция органдарының (бұдан әрі - (К)ҚАПО) АҚҚАБ бөліністері құрайды.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. ІІО-да тіркелген азаматтық, қызметтік және марапаттық қару, сондай-ақ азаматтық пиротехниканың айналымын бақылау және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде АҚҚАБ қызметкерлері ІІМ-нің және басқа да мемлекеттік органдардың мынадай цифрлық жүйелерін пайдаланады:
Қазақстан Республикасы ІІМ біріктірілген деректер банкі (бұдан әрі - ІІМ БДБ);
Қазақстан Республикасы ІІМ БДБ қашықтықтан қол жеткізу кіші жүйесі (Web-интерфейс);

Добавить в список основных источников в Google