Все сервисы
Zanger
«Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 336 бұйрығы
(2026.04.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Қаржы министрінің 2025.14.11. № 703 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (2026 ж. 21 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023.27.07. № 800 бұйрығымен (2023 ж. 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); ҚР Қаржы министрінің 2026.17.07. № 483 бұйрығымен (2026 ж. 4 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған «Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары- Қаржы министрі |
А. Смаилов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсіп
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының ұлттық
экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»

Добавить в список основных источников в Google