Все сервисы
Zanger
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтерімен технологиялық тұрғыдан байланысты қызметтердің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 23 сәуірдегі № 31, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 5 мамырдағы № 230, Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2026 жылғы 15 мамырдағы № 118 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2026 жылғы 23 сәуірдегі № 164-н/қ бірлескен бұйрығы
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 124-6-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерімен технологиялық байланысты қызметтердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны алғашқы ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық 2026 жылғы 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
| Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
Н. Сауранбаев |
| Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
Е. Аккенженов |
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
Өнеркәсіп және
құрылыс министрінің
2026 жылғы 5 мамырдағы
№ 230,
Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
2026 жылғы 15 мамырдағы
№ 118,
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2026 жылғы 23 сәуірдегі
№ 164-н/қ мен
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Ұлттық экономика министрі
2026 жылғы 23 сәуірдегі

Добавить в список основных источников в Google