Все сервисы
Zanger
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 30 шілдедегі № 368-НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13815 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының музей қорын қалыптастыру және күтіп ұстау қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік музейлер және музей-қорықтар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інші күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі - Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі) «Музей саласындағы әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 24 шiлдедегi № 194 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33157 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 194 бұйрық) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрақты сақтауға қабылданған мәдени құндылықтар туралы мәліметтерді жібереді. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 наурызынан кешіктірмей мәдениет саласындағы уәкілетті органға № 194 бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген мәліметтерді ұсынады.

Добавить в список основных источников в Google