Все сервисы
Zanger
«Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктелімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 56 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 19 мамырдағы № 281 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.«Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктелімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 56 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9176 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылғы 18 наурызда № 52 (28276) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктеліміне:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жер жамылғысы мен су өткізу жүйесі бойынша:
су өткізгіш жыраларды көктемде қардан, ал жазда қоқыстарды пайдаға асыруға тиеу, шығару және беру арқылы жиналған қоқыспен балшықтан тазалау;
жиектердегі, иірімді учаскелердегі кептіргіш науаларды қазу және себу;
жиектерді жоспарлау, шөптермен себу;
шабу және шабылған шөптерді жинау;
шабылған материалдарды пайдаға асыруға тиеу, шығару және беру арқылы жер жамылғысының жиектері мен шеттеріндегі бұталарды қазып алу, ағаштарды, жабайы өсетін бұталарды тамырымен жұлу;
материалдар қоспастан жиектер мен себу бермдерін жоспарлау;
жеке учаскелердегі көлік құралдарының қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ететін себу арқылы жиектерді және бермдерді себу, кесу және жоспарлау;
иірім учаскелерді жою;
опырылған, мүжілген жерлерді және сең шығарындыларын тазалау;
жиектерді себу және бекіту;

Добавить в список основных источников в Google