Все сервисы
Zanger
«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының 2022 жылғы 19 тамыздағы № 102 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2024 жылғы 26 қарашадағы № 191 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының 2022 жылғы 19 тамыздағы № 102 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 және 20-қосымшаларда:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Мақсаттары:
1) мемлекеттік статистика принциптерін сақтай отырып, статистикалық қызметті жүзеге асыру;
2) қоғамның, мемлекеттің және халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа деген сұранысын қанағаттандыру;
3) әкімшілік деректердің сапасын айқындау.»;
14-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) респонденттерден бастапқы статистикалық деректерді өтеусіз негізде алу;»;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) респонденттерді бастапқы статистикалық деректерді электрондық түрде ұсынуға қажетті статистикалық нысандармен және (немесе) бағдарламалық қамтылыммен өтеусіз негізде қамтамасыз ету;»;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) ресми статистикалық ақпаратты түзу және статистикалық тіркелімдерді жаңарту үшін әкімшілік деректерді, балама деректерді пайдалану;»;
9-3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9-3) тексеру нәтижелеріне қоса тіркеу үшін әкімшілік деректерді, сондай-ақ қағаз және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін алу және қажет болған кезде оларды қашықтан бақылау жүргізуде пайдалану;»;
Демо – версия документа