Все сервисы
Zanger
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 3 қарашадағы № 42 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығы
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2026 жылғы 3 тамыздағы № 78/қе бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 3 қарашадағы № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14488 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің әкімшілік ғимараттарында өткізу және объектішілік режимдерін қамтамасыз ету қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) бақылау-өткізу пункті (бұдан әрі - БӨП), арнайы үй-жай, сондай-ақ адамдарды және көлік құралдарының рұқсат етілген түрін өткізуді қамтамасыз етуге арналған шлагбауммен жабдықталған жер учаскесі;
2) бекет - әкімшілік ғимаратқа кіретін жерде орналасқан, тәуліктік наряд қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттемелерін орындайтын орын;
3) қауіпсіздік - объектінің қорғалу жай-күйі, бұл кезде қандай да бір қатердің болуынан не оның салдарының әсерінен оған зиян келтіруге байланысты жол берілмейтін қатер болмайды;
4) кезекші бөлім - сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Штабының (Департамент) (бұдан әрі - Штаб) құрылымдық бөлімшесі;

Добавить в список основных источников в Google