Все сервисы
Zanger
Талдықорған қаласында сайлау учаскелерін құру туралы
Жетісу облысы Талдықорған әкімінің 2026 жылғы 4 ақпандағы № 1 шешімі
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, Талдықорған қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Талдықорған қаласында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін аумақтық сайлау комиссиясымен келісілген сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.
2. Талдықорған қаласы әкімінің «Талдықорған қаласында сайлау учаскелерін құру туралы» 2020 жылғы 13 тамыздағы № 5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 145561 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Талдықорған қаласы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қала әкімі | Е. Бәзіл |
Келісілді:
Талдықорған қаласының аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
Ә. Рымтаев
2026 жылғы 4 ақпандағы
№ 1 шешіміне қосымша
Талдықорған қаласы аумағындағы сайлау учаскелері
№ 381 сайлау учаскесі
Орталығы: Талдықорған қаласы, Ә. Әлімжанов көшесі, 20, «Жетісу облысының білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 27 орта мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (оңтүстік қанаты).
Шекараларында: Талдықорған қаласы, «Красный камень» бағбандар тұтынушы кооперативі.
№ 382 сайлау учаскесі
Орталығы: Талдықорған қаласы, Ә. Әлімжанов көшесі, 20, «Жетісу облысының білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 27 орта мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (солтүстік қанаты).
Шекараларында: Талдықорған қаласы, «Мерекелік», «Ключи» бағбандар тұтынушы кооперативтері.
Демо – версия документа