Все сервисы
Zanger
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ
ЖАРЛЫҒЫ
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқару жөніндегі 2030 жылға дейінгі тұжырымдаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 10 шілдедегі № 282 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқару жөніндегі 2030 жылға дейінгі тұжырымдаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 10 шілдедегі № 282 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін басқару жөніндегі 2030 жылға дейінгі тұжырымдамада:
«Паспорт (негізгі параметрлер)» деген 1-бөлімнің бірінші бөлігінде «Әзірлеу негіздемесі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 10 қыркүйектегі № 1005 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қаржысын басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы
Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазакстан халқына Жолдауы»;
«Халықаралық тәжірибеге шолу» деген 3-бөлімнің он төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа