Все сервисы
Zanger
Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші мемлекеттермен, халықаралық
ұйымдармен немесе халықаралық интеграциялық бірлестіктермен халықаралық шарттары туралы
келісім
(Сочи қ., 2018 жылғы 14 мамырда)
ҚР 2019 жылғы 11 ақпандағы № 225-VІ Заңымен ратификацияланды
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер,
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 6-бабы 2-тармағының және 7-бабының ережелерін негізге ала отырып,
үшінші мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен немесе халықаралық интеграциялық бірлестіктермен өзара тиімді және тең құқықты экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ұмтылысты растай отырып,
жалпыға бірдей танылған қағидаттарға және халықаралық құқықтың нормаларына бейілділікті растай отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап.
Осы Келісім Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - Одақ) 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа және Одақ шеңберіндегі халықаралық шарттарға (бұдан әрі - халықаралық шарттар) сәйкес Одаққа оларды реттеу нысанасына қатысты қажетті құзырет берілген үшінші мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен немесе халықаралық интеграциялық бірлестіктермен (бұдан әрі - үшінші тарап) халықаралық шарттар жасасу, олардың қолданысын тоқтату және тоқтата тұру тәртібін айқындайды.
Одақтың халықаралық шарттарды жасасуы кезінде мүше мемлекеттер мен Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) өзара іс-қимыл жасау тәртібін (бұдан әрі - өзара іс-қимыл жасау тәртібі) Комиссия Кеңесі айқындайды.
II бөлім
Халықаралық шарт жасасу туралы ұсыныс
2-бап.
1. Халықаралық шарт жасасу туралы ұсынысты мүше мемлекет, Комиссия Кеңесінің мүшесі немесе үшінші тарап енгізе алады.
Комиссия Алқасы белгіленген тәртіппен Комиссия Кеңесінің мүшелеріне халықаралық шарт жасасу туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы өтінішпен жүгіне алады.

Добавить в список основных источников в Google