Все сервисы
Zanger
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 4 маусымдағы
№ 465 қаулысымен
мақұлданған
Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуы мен өсуіне жәрдемдесуге бағытталған ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі әріптестік туралы
негіздемелік келісім
Осы Әріптестік туралы негіздемелік келісім (бұдан әрі - «Негіздемелік келісім») бұдан әрі жеке «Тарап» және бірге «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - «Үкімет») мен Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі (бұдан әрі - «ЕҚДБ») арасында жасалады.
ЕҚДБ-ның халықаралық құқыққа сәйкес 1990 жылғы 29 мамырдағы ЕҚДБ-ны құру туралы келісіммен (бұдан әрі - «ЕҚДБ келісімі») құрылған халықаралық қаржы ұйымы болып табылатынын, оның мақсаты елдердің ашық нарықтық экономикаға өтуіне және ЕҚДБ жұмыс істейтін елдерде жеке кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу болып табылатынын ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП;
Үкімет Қазақстандағы экономикалық реформалар процесін күшейтуге, оның ішінде сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту процесін ынталандыру, тиісті құрылымдық реформалар жүргізу және Қазақстан экономикасының орнықты өсуі мен дамуын қамтамасыз ету үшін экономиканы әртараптандыру арқылы күшейтуге ниеттенгенін ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, осыған байланысты Үкімет Қазақстан экономикасын дамытуға жәрдемдесу және оның азаматтарының әл-ауқатын арттыру үшін бірлескен бастамаларды дамыту және өзара ынтымақтастықты кеңейту мақсатында ЕҚДБ-мен байырғы әріптестікті күшейтуге және мүмкіндіктерді зерделеуді жалғастыруға ниетті;

Добавить в список основных источников в Google