Все сервисы
Zanger
«Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 160 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 29 қазандағы № 378 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 160 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10147 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын жүргізудің қағидаларында:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Кадастрды жүргізу жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады, оны «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) және Жер кодексінің 152-бабының 3-тармағында көзделген шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі - Кәсіпорын) жүзеге асырады.

Добавить в список основных источников в Google