Все сервисы
Zanger
Байғанин ауданыбойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн, атаулары мен индекстерін бекiту және аудан әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 21 мамырдағы № 116 Қаулысы
(2026.28.02. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 3-бабының 7-тармағына, 6-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Байғанин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Байғанин ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесi, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2. Байғанин ауданы әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
1) Байғанин аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 272 «Байғанин ауданы бойынша аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тiзбесiн бекiту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4658 болып тіркелген, 2016 жылғы 12 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде электрондық түрде жарияланған);
Демо – версия документа