Все сервисы
Zanger
«Жеке тұлғаның салық берешегіне байланысты шешімдер нысандарын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 541 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 5 қазандағы № 671 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жеке тұлғаның салық берешегіне байланысты шешімдер нысандарын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 541 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36968 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
Қаржы министрі
2026 жылғы 5 қазандағы
№ 671 бұйрығына
1-қосымша
Қаржы министрінің
2025 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 541 бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Жеке тұлғалардың салық берешегін өтеу туралы хабарлама
| 20 __ жылғы «___» _________ | № _____ |
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің (бұдан әрі - Салық кодексі) 83-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес
____________________________________________________________________

Добавить в список основных источников в Google