Все сервисы
Zanger
Кешенді спорттық іс-шараларға қатысатын спортшылар санының Қазақстан Республикасы спорттық делегациясының өзге де мүшелерінің сандық құрамына оңтайлы арақатынасын айқындау жөніндегі нормативтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2026 жылғы 8 шілдедегі № 117 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі туралы Ереженің 15-тармағы 110) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымшаға сәйкес кешенді спорттық іс-шараларға қатысатын спортшылар санының Қазақстан Республикасы спорттық делегациясының өзге де мүшелерінің сандық құрамына оңтайлы арақатынасын айқындау жөніндегі нормативі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Министр | Е. Мырзабосынов |
Қазақстан Республикасы
Туризм және спорт министрінің
2026 жылғы 8 шілдедегі
№ 117 бұйрығына қосымша

Добавить в список основных источников в Google