Все сервисы
Zanger
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 355/НҚ «Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және рұқсатты не уәжді бас тартуды беру рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде өтініш берушіні тексерудің және рұқсат берудің автоматты режимінде жүзеге асырылатын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің м.а. 2026 жылғы 6 мамырдағы № 240/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 355/НҚ «Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және рұқсатты не уәжді бас тартуды беру рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде өтініш берушіні тексерудің және рұқсат берудің автоматты режимінде жүзеге асырылатын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29901 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және рұқсат беру не әужді бас тартуды мемлекеттік рұқсаттар және хабарламалар цифрлық жүйесінде автоматты режимде жүзеге асырылатын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы»;