Все сервисы
Zanger
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 221 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 22 маусымдағы № 252 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 маусымдағы № 221 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті туралы ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 114-19), 114-20), 114-21), 114-22), 114-23), 114-24), 114-25), 114-26), 114-27), 114-28), 114-29), 114-30), 114-31), 114-32), 114-33), 114-34), 114-35), 114-36), 114-37) және 114-38) тармақшалармен толықтырылсын:
«114-19) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен өсімдіктер карантині саласындағы өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етеді;
114-20) қарсы күрес бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын зиянды организмдердің тізбесін және фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
114-21) орталық уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен жүргізілетін және (немесе) іске асырылатын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларды белгілейді;

Добавить в список основных источников в Google