Все сервисы
Zanger
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 185 бұйрығы
ҚР Бас Прокурорының 2026 жылғы 4 қыркүйектегі № 147 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықтың көшірмесін құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектiлерiне мәлімет үшiн, сондай-ақ Комитеттiң аумақтық органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры |
Б. Асылов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының жанындағы
Соттардың қызметін
қамтамасыз ету департаменті
(Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының аппараты)
Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2022 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 185 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесі

Добавить в список основных источников в Google