Все сервисы
Zanger
«Әкімшілік істерді қарау бойынша соттардың жұмысы туралы есептердің, электронды ақпараттық есепке алу құжаттарының нысандарын және оларды енгізу мен қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 22 маусымдағы № 92 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2024 жылғы 20 ақпандағы № 24 бұйрығы
ҚР Бас Прокурорының 2026 жылғы 4 қыркүйектегі № 147 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әкімшілік істерді қарау бойынша соттардың жұмысы туралы есептердің, электронды ақпараттық есепке алу құжаттарының нысандарын және оларды енгізу мен қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 22 маусымдағы № 92 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23196 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 563 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы ереженің 19-тармағының 37) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бірінші сатыдағы соттардың әкімшілік істерді қарауы жөніндегі есеп» № 5-нысаны;
1-бөлім «Әкімшілік істерді қарау нәтижелері және қозғалысы»:
50, 51, 52-бағандар мынадай редакцияда толықтырылсын:
«
| Мүгедектігі бар адамдардың талап қоюлары бойынша | кәмелетке толмағандардың мүддесіне берілген талап қоюлар бойынша | әйел адамдардың талап қоюлары бойынша |
| 50 | 51 | 52 |
»;
«Әкімшілік органдарға, лауазымды адамдарға қатысты әкімшілік істердің қозғалысы» деген 2-бөлім осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Кассациялық сатыда әкімшілік істерді қарау бойынша есеп» № 5-нысаны:

Добавить в список основных источников в Google