Все сервисы
Zanger
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2026 жылғы 18 ақпандағы
№ 1179 Жарлығымен
МАҚҰЛДАНҒАН
Жоба
Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Гонконг
арнаулы әкімшілік ауданы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы
КЕЛІСІМ
Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Орталық халық үкіметі осы Келісімді жасасуға тиісті түрде уәкілеттік берген Қытай Халық Республикасының Гонконг арнаулы әкімшілік ауданы (бұдан әрі - Гонконг арнаулы әкімшілік ауданы)
Тараптардың құқықтық ынтымақтастығы сот төрелігі мен сотталған адамдарды әлеуметтік оңалту мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етуге тиіс деп пайымдай отырып, осы мақсаттарға жету үшін сотталғандарды беруде ынтымақтасуды қалай отырып,
төмендегілер туралы уағдаласты:
Осы Келісімнің мақсаттары үшін:
a) «жаза» - қылмыс жасағаны үшін белгілі бір мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруды білдіретін, сот тағайындаған жазалау шарасы;
b) «үкім» - жазаны көздейтін сот шешімі;
c) «сотталған адам» - заңды күшіне енген үкімнің негізінде қандай да бір мекемеде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жүрген адам;
d) «Үкім шығарушы тарап» - жазасын одан әрі өтеу үшін берілуі мүмкін немесе берілген адамға қатысты үкім шығарылған Тарап;
e) «Үкімді орындаушы тарап» - сотталған адам жазасын одан әрі өтеу үшін берілуі мүмкін немесе берілген Тарап.
1. Тараптар өздеріне осы Келісімнің ережелеріне сәйкес сотталған адамдарды жазаның қалған бөлігін өтеу үшін Үкім шығарушы тараптан Үкімді орындаушы тарапқа беру мәселелерінде біріне-бірі жәрдем көрсету міндеттемесін қабылдайды.
2. Сотталған адамды беру осы Келісімнің ережелеріне және Тараптардың заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
1. Осы Келісімнің мақсаттары үшін Қазақстан Республикасы тарапынан Бас прокуратура орталық орган болып табылады, Гонконг арнаулы әкімшілік ауданы тарапынан Әділет хатшылығы немесе Әділет хатшылығы уәкілеттік берген тұлға орталық орган болып табылады.
Демо – версия документа