Все сервисы
Zanger
«Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 196 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2026 жылғы 21 шілдедегі № 276-н/қ бұйрығы
БҰЙЫРАМ:
1. «Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 18 мамырдағы № 196 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17122 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Осы бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушылардың және олардың мердігерлерінің көмірсутектерді барлау немесе өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу Қағидаларда:
4-тармақтың 30) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«30) төмендетуге бағытталған қадам - төмендетуге бағытталған ашық конкурсты (электрондық сауда-саттық) өткізу кезінде қолданылатын бағаны 1 (бір) пайызға (бірақ 100 000 теңгеден артық емес) төмендету;»;
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«5. Бағаларды бағалау және салыстыру күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген ресми бағам бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы (ақша бірлігі) - теңге ТЖКҚ-ны сатып алуға қатысушы әлеуетті өнім берушілер ұсынған бағаларды бағалау және салыстыру рәсімін жеңілдету үшін қолданылатын валюта болып табылады.»;
41-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«3) тиісті салық органының конкурстық өтінімдерді ұсыну басталатын күннің алдындағы бір айдан ерте емес берілген берешектің жоқ екені не бір теңгеден кем берешектің бар екені туралы анықтамасының электрондық көшірмесі;»;

Добавить в список основных источников в Google