Все сервисы
Zanger
«Дербес деректер субъектілерін дербес деректердің қауіпсіздігін бұзу туралы хабардар етуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 9 тамыздағы № 481/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 7 қыркүйектегі № 539/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Дербес деректер субъектілерін дербес деректердің қауіпсіздігін бұзу туралы хабардар етуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 9 тамыздағы № 481/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34919 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дербес деректер субъектілерін дербес деректердің қауіпсіздігін бұзу туралы хабардар етуді жүзеге асыру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) дербес деректер - дербес деректердің бір немесе бірнеше сәйкестендіргішімен толықтырылған, дербес деректер субъектісі туралы мәліметтер немесе мәліметтер жиынтығы;
2) дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылуы - берілетін, сақталатын немесе өзге де түрде өңделетін дербес деректердің заңсыз таралуына, өзгертілуіне, жойылуына және алып тасталуына, санкцияланбаған таралуына немесе оларға санкцияланбаған қол жеткізуге алып келген дербес деректер қорғалуының бұзылуы;
3) дербес деректер субъектісі (бұдан әрі - субъект) - дербес деректер тиесілі жеке тұлға;
4) дербес деректерді қамтитын базаның және (немесе) цифрлық объектінің меншік иесі (бұдан әрі - меншік иесі) - қағаз жеткізгіштегі базаны және (немесе) дербес деректерді қамтитын цифрлық объектіні Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын іске асыратын мемлекеттік орган, жеке және (немесе) заңды тұлға;

Добавить в список основных источников в Google