Все сервисы
Zanger
«Бас әскери прокуратура, Бас көлік прокуратурасы, облыстардың прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 37 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 22 қазандағы № 169 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бас әскери прокуратура, Бас көлік прокуратурасы, облыстардың прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 37 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Бас әскери прокуратура, Бас көлік прокуратурасы, облыстардың прокуратуралары және оларға теңестірілген (астана және республикалық маңызы бар қалалардың) прокуратуралары туралы ережелерді бекіту туралы»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Бас әскери прокуратура туралы ережеге:
14-тармақта:
1) тармақшасында:
үшінші, төртінші және бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Конституциялық заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайтын тәртіппен прокуратура актілерін енгізеді;
мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мекемелердің және олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне қайшы келетін құқықтық актілеріне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектерде наразылық білдіреді;

Добавить в список основных источников в Google