Все сервисы
Zanger
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2026 жылғы 17 тамыздағы № 796 және Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 26 тамыздағы № 137 бірлескен бұйрығы
БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бірлескен бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтын мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі |
С. Жумангарин |
| Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
Е. Сарсембаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас Прокуратурасының
Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитеті
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Ұлттық
экономика министрі
2026 жылғы 26 тамыздағы
№ 137 мен
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2026 жылғы 17 тамыздағы
№ 796 бірлескен бұйрықпен
бекітілді
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

Добавить в список основных источников в Google